Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысын Құрмет қарауылы сап түзеген Бейжің әуежайында ҚХР Өнеркәсіп және ақпарат министрі Цзинь Чжуанлун және басқа да лауазымды тұлғалар салтанатпен қарсы алды.
Екі күндік ресми сапар барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Цянмен және Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен келіссөздер жүргізеді.
Сондай-ақ жоғары деңгейдегі «Бір белдеу, бір жол» бастамасының III форумына қатысады. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжің Тіл және мәдениет университетінің аумағында орнатылған Әбу Насыр Әл-Фараби бюстін салтанатты түрде ашады.
Бұдан бөлек, сапар аясында Қытайдың ірі компаниялары басшыларымен бірқатар кездесу өткізеді.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады