Бүгiн, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікМемлекет басшысы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевты қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Президентке Қарағанды облысының 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп берілді.
Ермағанбет Бөлекпаевтың баяндамасынан:
Бұдан бөлек, Президентке жылыту маусымының барысы, Qarmet кәсіпорнындағы қазіргі жағдай туралы баяндалды. Мемлекет басшысына жаңа инвестордың өндірісті тұрақтандыру және оның көлемін арттыру бағытында қабылдап жатқан шаралары, сондай-ақ өндірісті жаңғырту және компания жұмысшыларының еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспары жөнінде мәлімет берілді.
Сонымен бірге Е.Бөлекпаев әлеуметтік саланың жай-күйі, «Ауыл – ел бесігі» және «Ауыл аманаты» жобаларының іске асырылуы туралы да баяндады.
Қасым-Жомарт Тоқаев облысты одан әрі дамыту және тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту жөнінде бірқатар тапсырма берді. Сондай-ақ Qarmet компаниясына қарасты нысандардағы жағдайды ерекше бақылауға алу қажет екенін атап өтті.
Бүгiн, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер