Бүгiн, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіПрезидент қаланың басты көшелеріне ғана мән беріп, шеткі жақтарға көңіл бөлмейтін әкімдерді сынады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Мемлекет басшысы бұл әрекет әділетті қоғам идеясына сай келмейтіндігін айтты. Бұған дейін Астана әлемдегі ең инттелектуалды 21 қаланың қатарында екені айтылған.
Астананың 25 жылдық мерейтойы қарсаңында өткен бауырлас қалалар форумында шаһар көлік жүргізушілері үшін де, жаяу жүргіншілер мен өзге де көлік құралдары үшін тиімді болуы керектігін алға тартты.
Орталық көшелерді ғана жарқыратып қойып, қаланың шеткері аудандарына көңіл бөлмеу әділетті қоғам идеясына сай келмейді. Үйлесімді әрі теңгерімді мегаполис үшін тиімді көлік жүйесінің, соның ішінде дамыған қоғамдық көліктің, ыңғайлы велосипед және жаяу жүргіншілер аумағының болуы аса маңызды, - деді Тоқаев.
Бүгінгідей жасанды интеллект қарыштап дамып жатқан уақытта технологияның мүмкіндіктерін пайдаланбау қате. Президент қаланы ыңғайлы ету үшін осындай технологияларды пайдалану арқылы көлік ағынын түбегейлі оңтайландырып, көшедегі қауіпсіздікті арттыруды тапсырды.
Оқи отырыңыз:
Бұдан бөлек ортақ мәселелерді азаматтар мен бизнес бірлесіп шешуі керектігін де тілге тиек етті.
Адамдарға өзара тығыз байланыс орнатуға көмектесіп, азаматтар мен бизнестің қаладағы өзекті проблемаларды көтеріп, оларды шеше алатын белсенді қоғамдастық құру ісіне атсалысуына ықпал етеді. Астана бұл бағытта дамып келеді және бірқатар жетістікке жетті, - деді Тоқаев.
Бүгiн, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады