Бүгiн, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев Мьянма Премьер-министрі Мин Аун Хлайнмен кездесті, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы ең алдымен Премьер-министр Мин Аун Хлайнға жуырда Мьянмадағы жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев екі мемлекет әрқашан өзара құрмет пен сенімге негізделген достық қарым-қатынастарды сақтап келе жатқанын атап өтті.
Кездесуде сауда-инвестициялық байланыстарды кеңейтуге жол ашатын мол әлеует бар екені айтылып, саяси және экономикалық қарым-қатынастарды нығайту перспективасын зерделеу мәселесі қарастырылды.
Қазақстан Президенті қос ел бизнес қауымдастығы өкілдерінің өзара сапарларын ұйымдастырып, экономикалық ықпалдастыққа тың серпін беруді ұсынды.
Мьянма Премьер-министрі осындай қиын-қыстау кезеңде қолдау білдіргені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, алдағы уақытта да бірлесе жұмыс істеуге мүдделі екенін жеткізді. Бұдан бөлек, кездесуде мұнай химиясы, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, көлік-логистика салаларында ынтымақтастық орнату мүмкіндіктері талқыланды.
Бүгiн, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыБүгiн, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленедіКеше, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады