Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жобалық кеңсенің қызметімен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
EXPO қалашығында орналасқан Жобалық кеңсе елімізде қолға алынған реформалар мен стратегиялық бастамаларды жүзеге асыру ісіне үлес қосуды көздейді. Жобалық кеңсе Мемлекет басшысының жолдаулары мен Қазақстанның ұлттық даму жоспарындағы басым бағыттарды сапалы жүзеге асыруға арналған шешімдер әзірлеумен айналысады.
Мұнда Президентке Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау облысын өркендетуге бағытталған стратегиялық маңызды жобалардың жүзеге асырылу барысын баяндады.
Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету аясында біз алдымызға үлкен мақсат қойып отырмыз: өңірдің негізгі экономикалық көрсеткіштерін жақсарту (өңірлік экономика құрылымын әртараптандыру), халықтың әл-ауқатын арттыру (жаңа жұмыс орындар санын көбейту) және инвестициялық жобаларды жүйелі түрде іске асыру (шетелдік инвестиция көлемін ұлғайту). Осы мақсатта, біз 100 күндік акселерация қолдану жолдарын зерделедік. Акселерация әдісі — өңірдегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді жедел шешіп, жаңа мүмкіндіктер ашатын нақты жобалардың іске асырылуына оң септігін тигізетін бірден бір әдіс болады. Біз тек процестерді жеделдетумен ғана шектелмейміз, негізгі мақсатымыз — құрылымдық өзгерістер арқылы аймақтың ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз ету, - деді Н.Қилыбай шара барысында.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?