29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазақстандықтар Аружан Сағындықова мен Екатерина Дмитриченко жұптық сында Президент кубогы үшін ITF сериясы бойынша Астанада өтіп жатқан W15 турнирінің жартылай финалында ойнайды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қазақстандық жұп ширек финалда жарыстың 2-ракеткалары, ресейліктер Екатерина Маклакова — Дарья Зелинскаядан басым түсті.
Бірінші партияда фаворит саналған ресейлік дуэт айқын басымдылық танытып, 6:1 нәтижесін тіркеген еді. Есесіне екінші сетте Сағындықова — Дмитриченко қарымта қайырып, 6:2 көрсеткішіне қол жеткізді. Содан кейін супер тай-брейкте дес бермеді есеп 10:7.
Енді отандық теннисшілер Аружан Сағындықова — Екатерина Дмитриченко финалға шығу үшін өзбекстандықтар Нигина Алимова — Сабрина Олимжановамен шеберлік байқаспақ.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек