Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАстанада теннистен Президент кубогы аясында 27 шілде мен 16 тамыз аралығында ATP Challenger Tour және ITF World Tennis Tour турнирлері өтеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Биыл 18-ші рет ұйымдастырылып отырған Президент кубогында ел намысын Григорий Ломакин, Әмір Омарханов, Заңғар Нұрланұлы, Дамир Жалғасбай, Аружан Сағындықова, Асылжан Арыстанбекова, Сандуғаш Кенжебаева және басқа теннисшілер қорғайды.
Аталмыш дода кезінде Даниил Медведев, Андрей Рублев, Карен Хачанов, Себастьян Корда, Роман Сафиулин, Миомир Кецманович сияқты белгілі спортшылар өнер көрсетті.
Қазақстан теннис федерациясы Президент кубогын 1991 жылдан бері өткізіп келеді. 2007 жылы халықаралық мәртебе алған жарыста әр жылдары қазақстандықтар Михаил Кукушкин мен Андрей Голубев, украиналық Илья Марченко, аустриялық Себастьян Оффнер, Германия құрамасының қазіргі капитаны Райнер Шуттлер, Аустралия ашық чемпионаты мен Ролан Гаррос турнирінің жеңімпазы, хорватиялық Иван Додиг, жұптық сында «Үлкен дулыға» турнирінің екі дүркін чемпионы, қытайлық Чжан Шуай және басқалар үздік шықты.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді