Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыМемлекет басшысы Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинді қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Президентке Ұлттық олимпиада комитетінің атқарған жұмысы және алдағы кезеңге арналған жоспары туралы мәлімет берілді.
Геннадий Головкин спорт инфрақұрылымын жақсарту, қазақстандық спортшыларды тыңғылықты даярлау, еліміздің халықаралық аренадағы беделін көтеру жөнінде салалық министрлікпен бірге қабылданған шаралар туралы айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев ҰОК алдында олимпиадалық спорт түрлерін ілгерілету мен күшейту бойынша маңызды міндеттер тұрғанын атап өтті. Президенттің айтуынша, құрама командаларымыздың әлемдік бәсекелердегі нәтижелерін арттыра түсу қажет.
Мемлекет басшысы Геннадий Головкинді Халықаралық бокс федерациясы (World Boxing) Олимпиада комиссиясының төрағасы болып тағайындалуымен құттықтады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді