29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыМемлекет басшысы Chevron корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Майкл Уиртті қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында стратегиялық әріптестіктің қазіргі ахуалы мен перспективасы талқыланды. Cондай-ақ ірі инвестициялық жобаларға, соның ішінде газ және мұнай химиясы өндірісіне ерекше назар аударылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев:
Chevron компаниясымен серіктестік еліміздегі энергетика саласын тұрақты дамытуда негізгі рөл атқаратынын атап өтті;
Майкл Уиртті «Теңіз» кен орнын кеңейту жобасының табысты аяқталуымен құттықтады;
Отандық компаниялардың мұнай-газ секторындағы үлесін арттырудың өзектілігіне назар аударды;
Chevron компаниясымен өзара тиімді әрі ұзақ мерзімді ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екеніне тоқталды.
Майкл Уирт:
Қазақстан компанияның стратегиялық әрі сенімді серіктесі болып қала беретінін жеткізді;
«Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорны 1993 жылдан 2024 жылға дейін елімізге айтарлықтай инвестиция салғанын айтты.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек