Бүгiн, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев Босния және Герцеговина Президиумының төрағасы Желька Цвияновичпен кездесті. Бұл Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Желька Цвияновичке ілтипат білдіре отырып, Астана халықаралық форумының жұмысына белсенді қатысқаны үшін алғыс айтты.
Президент бұл сапар екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға және ауқымды мәселелер бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты іске асыру үшін жақсы мүмкіндіктерге жол ашатынын атап өтті.
Мемлекет басшысы Босния және Герцеговинаны Оңтүстік-Шығыс Еуропа мен Балқан аймағындағы перспективті сауда-экономикалық серіктес ретінде қарастыратынын айтты
Желька Цвиянович қонақжайлық көрсетіп, жылы қабылдағаны, сондай-ақ Астана халықаралық форумына шақырғаны үшін алғыс айтты
Бұдан бөлек, ол аталған форумды өткізудің маңыздылығын атап өтіп, оның аясында халықаралық ынтымақтастық пен жаһандық экономиканың қазіргі жағдайына қатысты жаңа бастамалар айтылғанын жеткізді.
Тараптар сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Өзара сенімге негізделген келіссөздер сындарлы және мазмұнды сипатта өтті. Келіссөздер нәтижесінде екіжақты ынтымақтастықты жандандыру бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.
Бүгiн, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады