Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМемлекет басшысы Атырау облысына жұмыс сапары аясында Абай атындағы орталықтың жұмысымен танысты, деп хабарлайды El.kz
Президент орталықта белгілі тұлғалардың домбырыларынан жасақталған көшпелі көрмені тамашалады. Көрмеге Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қорында сақталған Абай Құнанбайұлы, Дина Нұрпейісова, Махамбет Өтемісұлы сынды тарихи тұлғалардың, белгілі ғалым Ақселеу Сейдімбектің, композитор, жазушы Ілия Жақановтың, Нұрғиса Тілендиевтің, Рысбай Ғабдиевтің, Қаршыға Ахмедияровтың, Әзидолла Есқалиевтің, Әсима Ізмұхамбетованың, Айгүл Үлкенбаеваның және басқа да өнер қайраткерлерінің домбыралары қойылған.
Абай орталығында оқушылардың үйірмелерге қатысып, өнер түрлерін үйренуіне жан-жақты жағдай жасалған.
Президент «JasSpace» STEM зертханасында жасалған жобалармен, бұйымдармен танысты. Сондай-ақ бір топ жас домбырашы Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындады.
– Бәрекелді! Қадыр Мырза-Әлі ағамыз айтқандай, «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра». Сондықтан нағыз қазақ әрқашан осындай болуы керек! – деді Президент.
Шахмат кабинетінде Мемлекет басшысы жас шахматшылармен әңгімелесті. Олардың арасында биыл Румынияда өткен 14 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Әлем чемпионатының жеңімпазы Зарина Нұрғалиева да болды. Президент дарынды шахматшыдан болашақтағы жоспарын сұрап, сәттілік тіледі.
Сондай-ақ өскелең ұрпақты өнер-білімге баулитын Абай орталығына Президент атынан автобус тарту етілді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?