Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАқтөбе облысына жұмыс сапары аясында Президентке аймақ басшысы Асхат Шахаров өңірдің экономикалық әлеуеті мен перспективті инвестициялық жобалары туралы баяндады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл жұмысты міндетті түрде соңына дейін жеткізуіміз керек. Әйтпесе, халыққа зияны көп. Экология мәселесі өте өткір әрі өзекті. Сондықтан бұл мәселеге баса мән беру қажет, – деді Президент.
Бұдан бөлек, ірі компаниялардың өкілдері Мемлекет басшысына өздерінің инвестициялық жобаларын таныстырды.
Атап айтқанда, ERG бас директоры Серік Шахажанов Ақтөбе облысында Экологиялық стратегияның іске асырылуы жөнінде баяндады. Осы мақсатта 2030 жылға дейін 228 миллиард теңге көлемінде инвестиция құю жоспарланып отыр. Аталған Стратегия шеңберінде Ақтөбе ферроқорытпа зауытындағы №1, 2 балқыту цехтарының газ тазарту жүйесін жаңғырту жұмыстары аяқталды.
«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ бас директоры Ли Шуфэн Қасым-Жомарт Тоқаевқа мұнай мен газды дайындау ісінде заманауи технологияның ең жоғары стандарттарына сай келетін Жаңажол мұнай-газ өңдеу кешеніне қарасты Үшінші газ өңдеу зауытының (ГӨЗ-3) бірінші, екінші және үшінші кезекте жүзеге асырылатын жобалары туралы айтты. Жалпы инвестиция көлемі – 3,5 триллион теңге.
Eni Plenitude Arm Wind компаниясының басқарушы директоры Алекс Стиллавато Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан аумағында іске асырылған жобалар туралы ақпарат берді. Атап айтқанда, кәсіпорын Ақтөбе облысында «Бадамша-1», «Бадамша-2» жел электр станцияларының, Түркістан облысы Шәуілдір кентінің жанында қуаты 50 МВт болатын бірінші күн электр станциясының құрылысын жүзеге асырған. Сондай-ақ ол Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының маңында «ҚазМұнайГаз» ҰК акционерлік қоғамымен бірлесіп, қуаты 250 МВт болатын Жаңартылатын энергия көздері+Газ гибридті электр станциясының жобасы әзірленіп жатқанын айтты.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?