Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев Президент әкімшілігінің басшысын тағайындады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Айбек Арқабайұлы Дәдебаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, - делінген Ақорда таратқан мәліметте.
Оқи отырыңыз:
Ал бұған дейін аталан лауазымды қызметті атқарған Олжас Бектонов Қазақстан премьер-министрі болып тағайындалды.
Өз кезегінде ол президенттің сенімі үшін алғыс білдіріп, батыл қадамдар жасайтынын алға тартты.
Менің кандидатурамды қолдағандарыңыз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Өздеріңіз білетіндей, мемлекет басшысы еліміздің экономикасы мен әлеуметтік саласын дамытуда бірқатар ауқымды тапсырма берді. Аталған тапсырмалардың барлығы мүлтіксіз орындалады. Бұрын-соңды болмаған сын-қатерлер дәуірінде зор экономикалық серпіліс жасауымыз керек. Халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында Үкімет батыл әрі тиімді қадамдар жасайды. Басты мақсат — басқа елдің емес, өзіміздің ұлттық бизнесімізді қолдау. Ауыл шаруашылығы саласының зор әлеуетін дұрыс пайдалану маңызды. Ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеуге назар аударамыз. Электр қуаты, жылу әрі сумен қамтамасыз ету бағытында белсенді жұмыс атқарамыз, – деді премьер-министр Олжас Бектенов.
Айта кетейік, 5 ақпан күні Қазақстан үкіметі отставкаға кетіп, премьер-министр лауазымын екі жылдан астам уақыт атқарған Әлихан Смайылов орнын босатты.
Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекКеше, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес