19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Мемлекет басшысының жолдауын іске асыру барысы Президент Әкімшілігінің бақылауында. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Президент Әкімшілігінің басшысы Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын іске асыру барысына арналған кеңес өткізді.
Басқосуға Президенттің көмекшілері мен кеңесшілері, Үкімет басшылығы қатысты.
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Мемлекет басшысының жолдауда берген тапсырмаларын орындау үшін Үкімет тарапынан атқарылып жатқан жұмыс туралы баяндама жасады.
Президент Әкімшілігі Басшысының айтуынша, жолдау ел экономикасын қайта құруға және экономикалық серпіліс жасауға бағытталған жүзден астам нақты тапсырманы қамтиды.
Орталық және жергілікті атқарушы органдар Президент тапсырмаларын орындау үшін барынша жедел әрі толыққанды шаралар қабылдауы қажет. Еліміздің азаматтары мен бизнес өкілдері жуық арада жолдаудың нақты нәтижесін сезінуі керек, – деп атап өтті Олжас Бектенов.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары