Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚазақстанның халықаралық әуе қатынасы кеңейе түседі. 2026 жылдың соңына дейін елден бірнеше жаңа халықаралық бағыт бойынша рейстер ашу жоспарланып отыр. Жаңа маршруттардың қатарында Прага, Сингапур, Мәскеу және Қытайдың Инин қаласы бар. Бұл туралы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті хабарлады.
Қандай жаңа рейстер ашылады?
Ведомство мәліметінше, жыл соңына дейін Қазақстаннан мына бағыттар бойынша әуе қатынасын іске қосу жоспарланған:
Жаңа бағыттардың ашылуы қазақстандық жолаушыларға Еуропа мен Азияның бірқатар қалаларына қатынауды жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Алматыдан Прагаға жаңа бағыт
Вьетнамның Vietjet Air әуе компаниясы Ханой – Алматы – Прага бағыты бойынша рейстер ашуды жоспарлап отыр. Алғашқы рейс 10 қазаннан бастап орындалуы мүмкін.
Бұл маршрут Қазақстан мен Чехия арасындағы тікелей байланысты күшейтіп қана қоймай, Оңтүстік-Шығыс Азиядан Еуропаға ұшатын жолаушылар үшін де Алматыны транзиттік бағыт ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Шымкенттен Сингапурға
Қазақстанның оңтүстігінен Сингапурға жаңа әуе қатынасы да іске қосылмақ. SCAT Airlines компаниясы Шымкент – Санья – Сингапур бағыты бойынша рейстер орындауды жоспарлап отыр.
Алғашқы рейс 20 қазанға жоспарланған. Ұшулар Boeing 737 MAX 8 ұшақтарымен жүзеге асырылады.
Жолаушылар Қытайдың Санья қаласында шамамен екі сағат транзит жасайды. Бұл ретте жолаушылар әуежайдың стерильді аймағында қалып, Қытай аумағына кірмей әрі қарай сапарын жалғастыра алады. Яғни транзит кезінде паспорттық бақылаудан өту талап етілмейді.
Жаңа бағыт Шымкенттен Сингапурға сапар шегетін жолаушылар үшін қосымша мүмкіндік береді.
Оралдан Мәскеуге тікелей рейс ашылады
Батыс Қазақстан тұрғындары үшін де жаңа халықаралық бағыт пайда болады. Nordwind әуе компаниясы 27 қазаннан бастап Орал – Мәскеу бағыты бойынша тікелей рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр.
Рейстер күзгі-қысқы навигация кезеңінде аптасына екі рет — сәрсенбі және жексенбі күндері орындалады.
Ұшулар сыйымдылығы 189 жолаушыға дейін жететін Boeing 737-800 ұшақтарымен жүзеге асырылады.
Бұл бағыттың ашылуы Орал тұрғындарының Ресей астанасына әуе қатынасын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Астанадан Қытайдың Инин қаласына
Қазақстан астанасынан Қытайдың Инин қаласына да жаңа тікелей рейс ашылады. FlyArystan әуе компаниясы Астана – Инин (Құлжа) – Астана бағыты бойынша ұшуды жоспарлап отыр.
Алғашқы рейс 28 қазаннан басталуы мүмкін. Рейстер аптасына екі рет — сәрсенбі және сенбі күндері орындалады.
Инин — Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы қала. Жаңа әуе бағыты Қазақстан мен Қытай арасындағы көлік байланысын одан әрі кеңейтуге бағытталған.
Швейцарияға рейстер ашыла ма?
Қазақстан мен Швейцария арасындағы әуе қатынасын дамыту мәселесі де күн тәртібінде тұр.
Бұған дейін екі мемлекет жаңа әуе қатынасы шарттарына келіскені белгілі болған. Атап айтқанда, тараптар өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойған. Құжат тағайындалған әуе компанияларына аптасына 28 жолаушылар рейсіне дейін орындауға мүмкіндік береді.
Алайда бұл Швейцарияға нақты рейстер міндетті түрде ашылады дегенді білдірмейді. Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, екі ел арасындағы шарттық-құқықтық базаның кеңеюі жаңа бағыттарды іске қосуға жағдай жасайды. Ал нақты тұрақты рейстердің ашылуы әуе компанияларының қызығушылығы мен нарықтағы сұранысқа байланысты болады.
2026 жылы қандай бағыттар ашылды?
Қазақстанның халықаралық әуе қатынасында өзгерістер жыл басынан бері де жалғасып келеді. 2026 жылы бірқатар бағыттар ашылды немесе қайта қалпына келтірілді. Олардың қатарында:
Осылайша, Қазақстаннан Еуропа, Азия және ТМД елдерінің бірқатар қалаларына әуе қатынасы кеңейіп келеді.
«Ашық аспан» режимі жалғасуда
Қазақстанның халықаралық авиация саласындағы маңызды тетіктердің бірі — «ашық аспан» режимі. Қазір бұл режим елдің 17 халықаралық әуежайында қолданылады.
Ол рейстер санына қатысты шектеулерді алып тастап, шетелдік әуе компанияларына Қазақстан арқылы үшінші елдерге ұшуға мүмкіндік береді.
Бұл саясат халықаралық әуе тасымалдаушылардың қазақстандық нарыққа келуіне және жаңа бағыттардың ашылуына жағдай жасауға бағытталған.
Түркиямен рейстер саны да артады
Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасын кеңейту бойынша да келісім жасалды. Тараптар тұрақты рейстердің рұқсат етілген санын аптасына 120-дан 224-ке дейін арттыруға келісті.
Мәселен, Стамбұлдан Астана, Алматы және Шымкентке, сондай-ақ Анкарадан Астана мен Алматыға орындалатын рейстер саны аптасына 76-дан 138-ге дейін ұлғайтылды.
Ал туристік бағыттар бойынша — Анталья мен Бодрумнан Қазақстан қалаларына — рейстер саны аптасына 44-тен 86-ға дейін көбейеді.
Осы өзгерістердің барлығы Қазақстанның халықаралық әуе қатынасын кеңейтуге бағытталған. Ал 2026 жылдың соңына дейін ашылуы жоспарланған Прага, Сингапур, Мәскеу және Инин бағыттары жолаушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынбақ.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?