Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЖылжымалы құрамды жаңарту мақсатында 550-ден астам локомотив, сондай-ақ жолаушылар және жүк вагондары сатып алынады. Бұл туралы Үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Үкімет басшысының сөзінше, «жалпы ұзындығы шамамен 5 мың км құрайтын қолданыстағы магистральдық теміржол желілерін жаңғырту жүргізілуде және шұғыл шешімдерді талап ететін бірқатар проблема бар».
Бүгінгі таңда жылжымалы құрам мен магистральдық желілердің тозу деңгейі шамамен 60%-ке жетіп отыр. Мұның бәрі пойыздардың жүрісі мен теміржолдың өткізу қабілетіне кедергі келтіруде. Шекарада жүктердің рәсімделуіне қатысты мәселелер бар. Бұл транзит, экспорт және импорт көлеміне әсер етеді. Сол себепті бизнес үшін құжаттарды барынша жылдам қарап дайындап беретін «бір терезе» жүйесін құру қажет, – деді ол.
Сондай-ақ премьер-министр тұрғындар тарапынан «Қазақстан темір жолының» қызметіне қатысты көптеген шағым келіп түсуде екенін тілге тиек етті.
Пойыздардың үнемі кешігіп келуі, қызметтің нашарлығы, ескірген вагондар – мұның барлығы қалыпты жағдайға айналып барады. Ал бизнес болса вагондардың уақытында берілмеуін, ұзыннан ұзақ келісу рәсімдерін айтып шағымдануда. Осының барлығы бүкіл экономиканың дамуына кері ықпал етеді, – деп атап өтті Әлихан Смайылов.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?