13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз
15 маусымынан бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ әлеуметтік маңызы бар бағыттарға пойызбен жиі саяхаттайтын жолаушылар жаңа «Күміс» дисконттық картасымен билет құнының 25% үнемдей алады, деп хабарлайды El.kz Қазақстан темір жолы компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Күміс» дисконттық картасының құны – 7999 теңге. Оның жарамдылық мерзімі – іске қосылған сәттен бастап бір жыл. Дисконттық картаны «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан сатып алуға болады. Ол дербес болып табылады және 16 жастан асқан жолаушыларға арналған. билеттерді офлайн/онлайн сатып алу кезінде картаны пайдалануға болады. Жоба пилоттық болғандықтан, карталар саны шектеулі. Билеттер тек бір жеңілдік тарифтік шарты бойынша сатылады және басқа жеңілдікті тарифтік шарттармен жинақталмайды. Жеңілдігі бар жолаушыларды теміржол билеттерін ресімдеу және сатып алу кезінде мұқият болуды және «жеңілдіктер» немесе «төмен бағалар» санатын дұрыс таңдауды сұраймыз. Сондай-ақ, «Алтын», «Саяхатшы» және «Жастар» дисконт карталарының бар екендігін еске саламыз, делінген хабарламада.
Жеңілдік 38 бағыт бойынша қатынайтын пойыздарға ғана жарамды. Бағыттардың тізімі туралы толығырақ сайттан білуге болады. Сондай-ақ барлық қосымша ақпаратты «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларында дисконттық картаны ресімдеу және сатып алу кезінде нақтылауға болады.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды