06.05.2026
15:20
124

Польшадағы әлем чемпионаты: ұлттық құраманың мүмкіндігі қандай?

2-8 мамыр аралығында Польшаның Сосновец қаласында хоккейден IА дивизионындағы әлем чемпионатында өтіп жатыр.

Бірінші дивизионның «А» тобында ұлттық құрама өнер көрсетеді. Ал элиталы дивизиондағы негізгі әлем чемпионаты Швейцарияда өтеді. Биыл тағы да Ресей мен Беларусь құрамалары турнирге қатыспады.  

Мәселен, бірінші дивизионның «А» тобында  Қазақстан, Франция, Польша, Украина, Жапония, Литва өнер көрсетеді. Құрамында тәжірибелі ойыншылар бар Қазақстан құрамасы  – турнир фавориттерінің бірі. Оған қоса элиталы дивизионнан тыс қалған Франция құрамасы мен турнир қожайыны Польша бар.

Сарапшылар да, дәл осы үш команда жолдаманы өзара бөлісуі мүмкін екенін алға тартады. Польшадағы әлем чемпионаты Қазақстан үшін шешуші турнир болғалы тұр. Құрама сапалы ойын көрсете алса, бір жыл үзілістен кейін элитаға қайта оралуға толық мүмкіндік бар. Бірақ Франция мен алаң иесі Польша бұл жолда басты кедергі болмақ.

Ұлттық құраманың нәтижесі қандай?

Қазір Қазақстан құрамасы 9 ұпаймен көш бастап тұр. Украинада – 6, Францияда – 5, Польшада – 4, Жапонияда – 2, Литвада 1 ұпай бар. Ұлттық құама бұған дейін Жапония, Литва, Польша құрамасымен ойнады. Сарапшылар да ұлттық құраманың Франция мен Польшадан өте алса, жаңа деңгейге шығатынын айтқан.

Иә, Польшамен кездесуде  Батырлан Мұратов, Семен Симонов, Кирилл Савицкий шайба соқты. Есеп 3:2 есебімен Қазақстанның пайдасына шешілді.  

Енді құрама 7 мамырда Украинамен матч өткізеді. Сонда турнир фавориті анықталмақ. Одан кейін, 8 мамырда Франция құрамасымен кездесіп, элиталық дивизионға адымдап көреді.

Әлем чемпионатында 1-2 орын алған құрама элиталы дивизионға өтсе, алтыншы орын алған құрама кіші дивизионға түседі.