Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЖетісу облысының полиция департаменті журналист Сандуғаш Дүйсенованы ұстағаннан кейін неліктен шешіндіріп тінтіп, оны видеоға түсіргенін түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Жетісу облыстық ПД сілтеме жасап.
Еске сала кетеййік, 11 тамызда жетісулық журналист, азаматтық белсенді Сандуғаш Дүйсенова ұсталған еді.
Оған ҚР Қылмыстық кодекстің 147-бабы 5-бөлігі бойынша айып тағылған. Бұл бапта адамның жеке өмірі туралы ақпаратты таратқандарға жаза қарастырылған.
Кейін босап шыққан журналист өзін полицейлер бөлімшеде шешіндіріп, видеоға түсіргенін жеткізді.
Осыған орай Жетісу облыстық ПД мәлімдеме жасады.
«БАҚ-та және әлеуметтік желілерде азаматша Дүйсенованы ұстау кезінде полиция қызметкерлері тарапынан заңсыз әрекеттер болған туралы ақпарат тарап жатыр. 11 тамызда соттың санкциясымен сотқа дейінгі тергеу аясында Дүйсеноваға жеке тінтуі жүргізілген. Жеке тінту рәсімі тергеуші, криминалист және екі куәгердің қатысуымен (барлығы тiнтілген адаммен бір жынысты) Қылмыстық-процестік кодексінің талаптарына қатаң сәйкес жүзеге асырылды. Осы тергеу әрекетін жүргізу кезінде ғылыми-техникалық құралдарды (бейнекамера) қолдану міндетті және ҚПК-мен реттеледі» деп мәлімдеді полиция.
Дегенмен күдіктіні жеке тінту кезінде тыйым салынған заттар табылмаған.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді