Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекШымкент тұрғынын суицидтан құтқару сәті полицейлердің бейнежетонына түсіп қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
24 қараша күні кешкі уақытында Жедел басқару орталығының 102 арнасына белгісіз азаматшаның көппәтерлі үйдің 11 қабатындағы ортақ балконнан секіруге оқталып тұрғаны туралы хабарлама түскен.
Шақырту бойынша тез арада патрульдік полиция полкінің автоэкипаждары жолданды. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары балконның қоршауына шығып тұрған қызды көреді. Азаматшаның назары бір сәтке ауғанын пайдаланып, инспектор Нұржан Айдаров оны қауіпсіз жерге шығарып үлгерді. Кейін қызбен профилактикалық сұхбат жүргізілді. Оның бұл қадамға жеке мәселелеріне байланысты барғаны белгілі болды. Қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Қайғылы оқиғаларды болдырмау, құтқару және көмектесу - біздің міндетіміз, - дейді полиция қызметкерлері.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?