Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыШерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов әлеуметтік желіде бауырының көлігін полиция қызметкерлері заңсыз тексергенін мәлім еткен еді. Осы жағдайға қатысты Алматы облысының Полиция департаменті мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция қаза болған Нұрқанат Ғайыпбаевтың көлігіне заңнамаға сәйкес мұқият тексеріс жүргізгенін атап өтті.
Көлікті қайтыс болған 30 жастағы ер адамның туыстары оның мәйіті табылған жердің маңайында тапты. Полиция қызметкерлері оқиға орнына хабарлама түскеннен кейін келді. Құқық қорғау органдары заңнамаға сәйкес қажетті тергеу әрекеттерін, соның ішінде көлік құралына мұқият тексеріс жүргізді, – деді Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Меруерт Морякова.
Оның айтуынша, тексеруден кейін көлік жақын туыстарына берілген. Полиция болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. Тергеу барысы туралы ақпарат жаңа деректердің түсуіне қарай ұсынылатын болады.
Полиция өкілі оқиғаға қатысты тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары