18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Елімізде шетелдік автокөліктердің құжаттарын тіркеп беремін деп халықты сан соқтырған адамдар анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев айтты.
Шетелден әкелінген автокөліктерді заңдастыру барысында бірқатар кемшілік болды. Оның ішінде автокөліктерді заңсыз тіркеуге атсалысқан полиция қызметкерлерінің бар екенін де жасырмаймыз. Сондай-ақ алаяқтар мен арнайы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері де бар. Қазіргі таңда арнайы қылмыстық істер қозғалған. Ішкі істер министрлігінің қауіпсіздік департаментінің қызметкерлерімен қылмыстық істер тексеріліп жатыр. Бұл қылмыстық іс бойынша шешім қабылданған соң барлығын жария етеміз, - деді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.
Оқи отырыңыз:
Оның айтуынша, мұндай қылмыстық фактілер Алматы қаласы мен Алматы облысында тіркелген.
Бұған дейін 23 қаңтар мен 30 маусым аралығында Қазақстанда 205 915 шетелдік автокөлік заңдастырылғанын хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ, көлігін заңдастырып үлгермеген жүргізушілерге қандай шаралар қолданылатыны жөнінде жаздық.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр