Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікТүркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қылмыстық іс бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, 20 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді анықтады, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.
Тәртіп сақшылары Жетісай ауданының аумағында қабылданған шаралардың нәтижесінде, ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын анықтап, ұстады.
Ер адам 2002 жылы көрші мемлекетте адам өлтіргені үшін халықаралық іздеуде екені белгілі болды. Нәтижесінде 20 жылдан кейін аталмыш халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді Түркістан облысы ПД полицейлері ұстады.
Тәртіп сақшылары ұсталған шетелдіктің жеке басын анықтау және қажетті құжаттарды жинақтау мақсатында аудандық полиция бөліміне жеткізді. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның толық мән-жайын анықтауда.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер