Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Полиция күнімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құрметті полиция қызметкерлері!
Кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!
Сіздер заң пен тәртіпті сақтауға, азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғауға елеулі еңбек сіңіріп келесіздер.
Әділдік идеясы үстемдік құрған қоғамда полиция қызметкерлеріне жоғары талап қойылып, зор жауапкершілік жүктеледі. Сіздер антқа адалдықтың және жұртқа жанашырлықтың озық үлгісін көрсетулеріңіз керек. Әрбір тәртіп сақшысының қызметін мінсіз атқарып, білікті маман, отаншыл азамат болуы өте маңызды.
Сіздердің әділетті мемлекет пен берекелі қоғам құруға өлшеусіз үлес қосып, «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыруға атсалыса беретіндеріңізге сенемін.
Әрдайым абырой биігінде болыңыздар!
Баршаңызға зор денсаулық, толайым табыс тілеймін!
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді