Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚостанайда полиция мен тұрғын көпірден секіргісі келген әйелді құтқарды, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
102 пультіне көпірде секірейін деп тұрған әйел туралы хабарлама түсті. Бұл ақпаратты сол маңнан өтіп бара жатқан көлік жүргізушісі жеткізді. «Тезірек келіңіздер, мен оны құтқаруға тырысамын», – деді ер адам. Оқиға орнына полиция аға лейтенанты Жалғас Шонов пен полиция капитаны Дулат Арманов тез арада жетті, - делінген хабарламада.
Тәртіп сақшылары оқиға орнына жеткенде ер адам әйелдің қолынан ұстап, оны көпір үстіне шығаруға тырысып жатқан. Полицейлер әйелді шығарып, оны полиция көлігіне отырғызуға көмектеседі.
Құтқарылған адамның жағдайы мәз еместігі сондай, тіпті аты мен тегін де атай алмағаны белгілі болды.
Бізге оны шұғыл түрде полиция бөлімшесіне жеткізуге тура келді. Абыр-сабыр кезде оқиға орнында бірінші табылған жүргізуші полицейлердің әйелге алғашқы медициналық көмек көрсеткеніне көз жеткізіп, кетіп қалған. Қиын жағдайдағы батыл әрекеті мен көмегін атап өту үшін біз ержүрек қостанайлықтан хабар күтеміз, – деді полицияда.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді