Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікШымкентте полиция қызметкерлері ТikTok желісінде полицей қыздың тікелей эфирінің бейнежазбасын анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция формасын киген қыз ІІО-ның беделіне нұқсан келтіретін және оны төмендететін, офицер атағына лайықсыз әрекеттер көрсеткен.
Тәртіп сақшылары әлеуметтік желі қолданушысын анықтады. Ол полицияға ешқандай қатысы жоқ 24 жастағы азамат болып шықты.
Полицияның нысанды киімін заңсыз кигені үшін құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Нысанды киім тәркіленіп алынды. Полиция айырым белгілері және (немесе) нышаны бар әскери киім нысанын, сондай-ақ нысанды және арнаулы киімді заңсыз киіп жүру (пайдалану) құқық бұзушылыққа жататынын ескертеді. Бұл үшін нысанды киім тәркіленіп, әкімшілік айыппұл салынады.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер