Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚостанай облысында полицияның атынан қоңырау шалып, тұрғындарды 43 млн теңгеге шығынға батырған 4 алаяқ ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай мәлімдеді.
Оның айтуынша, полиция және банк қызметкерлерінің атынан хабарласу фактісіне байланысты бірнеше дерек тіркелді.
Павлодар облысы ПД «CyberPol» нысаналы тобы банк қызметкерлерінің атынан алаяқтық әркеттер арқылы қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыруды ұйымдастырған Павлодар қаласының тұрғыны ұсталды, - деді ол.
Қазіргі уақытта осындай 20 қылмысқа қатысы бар екені анықталған. Келтірілген залал шамамен 40 млн теңге құраған.
Қостанай облысы полиция департаменті қызметкерлерінің атынан тұрғындарға қоңырау шалу арқылы интернет алаяқтықтың 8 фактісін жасаған облыстың 4 тұрғыны ұсталды. Келтірілген залал 43 млн теңге, - деді Жандос Сүйінбай.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қостанайда «CyberPol» қызметкерлері тұрғындарды 80 млн теңгеге сан соқтырған алаяқты анықтағанын жаздық. Сондай-ақ, елімізде бір апта ішінде 2913 қылмыс жасалғанын хабарладық.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді