Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікЕңбекші АПБ-ның “102” арнасына 1 маусым күндізгі сағат 11:15 шамасында әйел кісі қоңырау шалған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ол тәртіп сақшыларынан көмек сұрап, күйеуінің өз-өзіне қол жұмсағалы жатқанын жеткізген. Белгілі болғандай, ер адам жұбайына бейнеқоңырау арқылы байланысқа шығып, қоштасқан.
Шақырту бойынша, осы аумаққа қызмет көрсететін 3-ротаның патрульдік полицейлері Айдос Исмаилов пен Дәурен Раев оқиға орнына жетті. Жедел келген тәртіп сақшылары қақпа жабық болған соң, үйге кіре алмаған. Әр секундтің қымбат екендігін ескерген Айдос Исмаилов қоршау арқылы асып өту үшін жоғарыға көтерілген. Осы уақытта оның серіктесі Дәурен Раев құлыпты бұзып, қақпадан кірген.
Патрульдік полиция қызметкерлері аумақты тез арада шолып, ауланың артқы жағында қосалқы құрылыстардың арасынан арқанға ілінген адамды тапты. Содан кейін Даурен, ер адам тұншығып қалмас үшін , оны көтеріп, Айдос арқанды кесіп үлгерген. Медицина қызметкерлері де дер кезінде көмек көрсетті.
Қазіргі таңда, азамат ауруханада дәрігерлердің бақылауында.
Еңбекші аудандық полиция басқармасының қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер