19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Полицейлер есінен танып, суық балконға жатып қалған қарт әйелді құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Түркістан облысы Ордабасы ауданының полициясына түнгі уақытта 102 пультіне жергілікті тұрғын қоңырау шалып, көрші тұратын әжейдің есінен танып, үйінің балконында жатқанын хабарлады.
Оқиға орнына бірден учаскелік инспекторлар келді. Олар пәтер иесінің балконына өрмелеп шығып, жедел жәрдемді шақырып, ол келгенге дейін қарияға алғашқы көмек көрсетті, - делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Сондай-ақ оның 32 жастағы қызы қарт әйелмен бірге тұратыны анықталды. Оқиға орын алған күні ол үйде болмаған.
Полиция қызметкерлері жедел жәрдем келгенге дейін әжейдің жанында болды.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары