22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАқмола облысында ауыл тұрғыны бақшасында 900-ден аса қарасора бұтасын өсірген, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ақмола облысында “Қарасора – 2025” жедел-алдын алу іс-шарасы аясында ірі құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Полицейлер Жақсы ауданының бір ауылында құрамында есірткі заты бар өсімдіктердің заңсыз өсірілгенін анықтады.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының мамандары аудандық полиция бөлімімен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру және тергеу шаралары барысында 39 жастағы ауыл тұрғыны өз үйінің ауласында қарасора өсіріп келгені белгілі болды.
Тінту кезінде тәртіп сақшылары шамамен 500 грамм марихуана салынған пакетті тауып, айғақ зат ретінде тәркіледі. Бұдан бөлек, үй іргесіндегі бақшада құрамында есірткі заты бар 920-дан астам қарасора бұтасы анықталып, түгел жойылуға жіберілді.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы (Құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Полиция есірткі айналымының кез келген түріне қарсы күресті күшейтіп, азаматтарды заңға бағынуға және есірткі заттарына жоламауға шақырады.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев