28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҰлттық статистика бюросы (ҰСБ) алдағы ауылшаруашылығы санағы үшін ақпараттық жүйелер мен қызметтерді сынақтан өткізуде. Үкіметте өткен кеңесте премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғаринге пилоттық санаққа дайындық барысы және басқа да аспектілер туралы баяндалды.
ҰСБ мәліметтері бойынша, пилоттық санақ 2024 жылдың 20 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында өтеді. Респонденттер санақ парақтарын sanaq.gov.kz. мамандандырылған сайтта онлайн режимінде өз бетінше толтыра алады. Сонымен қатар бюроның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері пилоттық жоба үшін арнайы таңдалған 54 елді мекендегі шаруашылық өкілдеріне іріктеп сауалнама жүргізетін болады.
Сондай-ақ жиында мал және өсімдік шаруашылығы статистикасын өзектендіру мәселелері талқыланды. Бұған дейін хабарланғандай, 2023 жылғы мал шаруашылығы бойынша деректер жаңартылып, мамандандырылған ҰСБ бюллетенінде жарияланады. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов өсімдік шаруашылығындағы деректерді өзектендіру жалғасып жатқанын және оны тамыз айында аяқтау жоспарланып отырғанын айтты.
Кеңес қорытындысы бойынша вице-премьер Ұлттық статистика бюросына ауыл шаруашылығы санағын өткізудің мақсаттары мен тәртібі туралы бойынша пилоттық режим басталуы қарсаңында түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы туралы мәліметтерді өзектендіру жұмыстарын сапалы аяқтауды тапсырды.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?