Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыСҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавл қаласының атауын Қызылжар деп өзгертуге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның сөзінше, петропавлдықтарды алаңдататын одан да маңызды мәселелер бар.
Қала немесе көшелердің атауы азаматтар әдетте ниет білдіріп, өтініш берілген кезде өзгеріп жатады. Бұл – қалыпты жағдай. Қазіргі уақытта Петропавл халқын көбіне жылу, жарық, электр энергиясы мәселелері көбірек алаңдатады. Көшелердегі кәріз жүйесінің мәселелері де бар. Күш салып, соның бәрі жөнделіп жатқанын да азаматтар көзімен көріп отыр. Халық көбіне скверлердің, ойын алаңдарының ашылуын қалайды. Жолға асфальт төселсе дейді. Қаланың атауын өзгертуді былай қойғанда, халықты басқа мәселелер көбірек алаңдатады, - деді ол.
Еске сала кетейік, осыдан үш жыл бұрын Петропавл қаласының атауын өзгерту мәселесі көтеріліп, тұрғындар әкімге петиция жолдаған еді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді