Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіПетропавлда жедел уәкілдер жасөспірімді қорқытып, ақша алмақ болған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Петропавл қаласының полиция басқармасына облыс орталығының 36 жастағы тұрғыны келіп, әлдебір бейтаныс адам оның 17 жастағы ұлын қорқытып, 10 мың теңге көлемінде ақша алмақ болғанын айтып арыз жазған.
СҚО ПД йымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаладағы сауда үйлерінің бірінде ақшаны алып кетіп бара жатқан жерінде 18 жастағы петропавлдықты ұстады. Жеке тінту кезінде 10 мың теңге көлеміндегі ақша, пневматикалық тапанша, оқтар, жиналмалы пышақтың жүзі және өсімдік текстес есірткі заттарын қолдануға арналған полимерлік ыдыс тәркіленді, - деп жазылған министрлік мәліметінде.
Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 2-бөлігі (Қорқытып алу) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қазір полицейлер ұсталған жігіттің осыған ұқсас басқа қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады