20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПетропавл қалалық сотының үкімімен ҚР ҚК 366-бабы, 4-тармағының 3-бөлігі бойынша СҚО бойынша ПД Петропавл қалалық полиция басқармасының ЖПҚ бөлімшесінің бастығы 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады.
Сотталған сапаны растайтын тиісті құжаттары жоқ, акцизделетін өнімді заңсыз сатуды жүзеге асыруда қамқоршылық көрсеткені үшін жалпы сомасы 500 жүз мың теңгеден асатын бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды, - делінген мәліметте.
Осылайша, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен мың блок темекі өнімінің және 5 мың литр күмәнді алкоголь өнімінің заңсыз сатылымы тоқтатылды.
Сотталған «полиция майоры» арнаулы атағынан, сонымен қатар мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?