23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіСҚО-да белгісіз тұрғын мас күйінде тұрғын үйдің алдында төбелес шығарып, кейін қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
5 тамыз күні сағат 09:06 шамасында полицияға Петропавл қаласы Жамбыл көшесі, 286 мекенжайындағы үйдің ауласында белгісіз ер адам мен осы үйдің тұрғындары арасында жанжал болғаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері заңды талаптарына бағынбауға тырысқан 36 жастағы ер адамды ұстады. Медициналық куәландырудың нәтижесіне сәйкес, ұстаған сәтте ер адам алкогольдік масаң күйде болған. Өзімен бірге жеке куәлігі болмаған.
Нәтижесінде ұсталғанға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабының 1-бөлігі "Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу" бойынша, 492-бабы "Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру" бойынша, 667-бабы "Құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбау" бойынша әкімшілік іс қозғалды.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады