20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПетропавл қаласының Достық үйінде «Мәміле» пікірталас клубының Жаңа жылдағы жұмысы жанданды.
Мүшелердің саны айтарлықтай өскені байқалады. Бұл жобаның келешегі мен өзектілігін, халықтың мемлекеттік тілді стандартты емес тәсілмен үйренуге мүдделілігін танытты.
Сабаққа қатысушылар ұйымдастырушылармен дайындалған сөздік карточкаларын пайдалана отырып бір-бірімен ойын түрінде танысты. Енді клуб мүшелері қазақ тілінде қалай сәлемдесуді және өзін таныстыруды біледі.
Сабақтың негізгі тақырыбы – «Тек» сөзінің шығу төркіні. Қазақтарда «жеті атасын, қандай руға жататынын білу өте маңызды. Курсты тыңдаушылар да шежіре құрастырып, ата-бабаларын еске түсіріп, олар туралы айтып беруге тырысты.
Бірақ қатысушыларға кездесудің аяқ жағы қатты әсер қалдырды. Себебі олар мемлекеттік тілді жақсы меңгергендіктерімен бірге өздерінің шығармашылық қабілеттерін танытты. Қатысушылар «Көзімнің қарасы» әнінен үзінді орындады. Барлығына бұл лирикалық әннің ұнағаны соншалық, клуб мүшелері оны Абай Құнанбаевқа арналған іс-шарада міндетті түрде тағы бір орындап шығуға уағдаласты.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?