19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Петропавлда 17 жастағы жасөспірім жанжал барысында пышақ жарақатын алды. Бұл туралы KAZINFORM-ға сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 15 қаңтарда болған.
Петропавлдағы колледждердің бірінің жатақханасында оқушылар спирттік ішімдік ішіп, арты жанжалға ұласқан.
Салдарынан 17 жастағы жасөспірім қолынан пышақ жарақатын алған.
Ұрыс-керіс құрдастар арасында шыққан. Олардың барлығы бірінші курс оқушылары. Қазіргі уақытта Петропавл қаласы полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімінің қызметкерлері істің мән-жайын анықтап жатыр. Болашақта осындай фактілер қайталанбас үшін барлық тиісті шара қолданылады. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады, — делінген баспасөз хабарламасында.
Бұған дейін Жетісу облысында депутатты пышақтап кеткенін хабарлағанбыз.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары