Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЖыл сайын «Братство сибирских казаков» қоғамдық бірлестігі «День казачки» атты казак мәдениетінің фестивалін өткізеді.
Шара петропавлдықтар үшін дәстүрге айналды және Достық үйі халық шығармашылығын бағалаушылар үшін өз есігін алтыншы рет ашты.
Достық үйіне мерекемен құттықтау үші 200-ден астам қонақ және 100-ге жуық қатысушы жиналды.
Концерттік бағдарламаға облыстың қала және аудандарынан келген шығармашылық ұжымдары қатысты. Қатысушылар балалардан бастап сахнаның ардагерлеріне дейін славян мәдениетіне арналған шығармашылық нөмірлер ұсынды. Зал әртістермен бірге сүйікті әндерді орндап, оларды ду қол шапалақпен қарсы алып отырды.
Мереке батыл және мықты ұлдарды, мейірімді және инабатты қыз-келіншектерді тәрбиелеп отырған ақ жаулықты аналарға арналды. Әйелдер атына ең жақсы сөздер, жан тілектер айтылды. Өйткені, кез-келген халықтың анасы – өмірдегі ең қымбат жан, әрқашан қолдау көрсететін және қол ұшын беретін адам.
Сонымен қатар фестиваль барысында биылғы жылы құрылған жас отбасылар марапатталды. Бұл казактардың отбасы институтын нығайтуға деген ерекше көзқарасын танытады.
Іс-шарадан кейін барлық әртістер үшін мерекелік үстел ұйымдастырылды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді