20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды Еріктілер жылы деп жариялағаны белгілі.
Бүгінгі таңда еріктілер қозғалысы барынша танымал болып келеді. Солтүстік Қазақстан облысында қызметі көмекке мұқтаж адамдарға жәрдем көрсетуге, қала мен облысты абаттандыруға, ірі ауқымды іс-шараларды ұйымдастыруға жәрдемдесуге бағытталған ондаған еріктілік ұйымдар жұмыс жасайды.
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің негізінде «Саналы ұрпақ» жобалау кеңсесі Еріктілер мен экомәдениет форумын ұйымдастырды.
Шара «day» экологиялық мәдениет көрмесімен басталды, одан кейін еріктілік ұйымдардың тұсаукесері өтті.
Форумға М. Қозыбаев атындағы СҚМУ, Солтүстік Қазақстан облысы жастар ресурстық орталығының еріктілері, еріктілер-медиктер, еріктілер-бітімгерлер, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының этноеріктілерлері, экоеріктілері қатысты.
Жастар ұйымдарының өкілдері бейне-, спич-презентациялар дайындап, өз жұмысын көрсетуге тырысты.
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының этноеріктілерлері форумға ерекше ынтамен қатысты. Осындай іс-шаралар өте нәтижелі, өйткені барлық қатысушылар бір-бірімен танысып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік туады. Бұл еріктілердің бірігуіне ықпал етеді, өйткені олардың рөлі өте маңызды – біздің Отанымыздың игілігі үшін жақсылық жасау, дейді шараны ұйымдастырушылар.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?