10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыПавлодарлықтар ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде 27 млн теңгеге өнім сатып алды, деп хабарлайды El.kz Pavlоdarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Бізде әрдайым көп адамдар болады. Мұнда апта сайын орта есеппен 140-150 тонна ауыл шаруашылығы өнімі әкелінеді, - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының қайта өңдеу және кооперацияны дамыту бөлімінің басшысы Әсемгүл Бектұрова.
Мұнда барлығы апта сайын 27-28 млн теңгеге саудаланады.
Жәрмеңкеге Павлодар, Шарбақты, Успен аудандарының, сондай-ақ Тереңкөл, Аққұл аудандарының әне Павлодар қаласының тауар өндірушілері қатысты. Успен, Шарбақты және Павлодар аудандарынан автоцистерналар литріне 170 теңгеден сүтпен саудаланды. Жұмыртқаның он данасын 440-450 теңгеден сатып алуға болады.
Ақкөл, Тереңкөл, Павлодар және Ақтоғай аудандарының шаруа қожалықтары 95 теңгеден картоп пен көкөніс жеткізуді ұйымдастырды.
Сондай-ақ, павлодарлықтар етті нарықтық бағадан 10-15 пайызға төмен бағамен сатып алды. Жылқы етінің бір килограмы 2300-2500 теңге, сиыр еті 1900-2100 теңге, қой еті 1900-2100 теңге болды.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді