20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПавлодар облысында аяқтық жасап, зейнеткерлерді алдаған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полицияға егде жастағы 30-ға жуық тұрғын алаяқтық бойынша шағымданған.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде алаяқтық әрекеттер жасау күдігі бойынша қылмыстық топ ұсталды.
Олар 19-21 жас аралығындағы Павлодар қаласының төрт тұрғыны болып шықты. Қазір олардың алты алаяқтыққа қатысы анықталды, алдау арқылы зейнеткерлерден шамамен 25 млн теңге қаражат иеленген. Ұсталғандардан 3 млн 900 мың теңге тәркіленіп, тиісті ақша екі жәбірленушіге қайтарылды.
ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Екеуіне қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы,тағы екеуіне қатысты ешқайда кетпеу туралы жазылым түріндегі бұлтарпау шаралары таңдалды. Олардың ұқсас фактілерге қатысуы тексерілуде, - деп жазылған ІІМ таратқан мәліметте.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?