Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПавлодарда жас жігіт көлігімен бірге өртеніп кетті. Оқиға Л.Толстой көшесіндегі көпқабатты үй ауласында болған, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
«Лада Гранта» жеңіл көлігі таң алдында өртенген. Өрт сөндірушілер машинаның жанынан жас жігіттің күйіп кеткен денесін тапқан.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндіру қызметіне 2 ақпан күні таңертеңгі сағат 5.31-де жеңіл машинаның өртеніп жатқаны туралы хабар түскен. Үй ауласында тұрған ВАЗ-2190 көлігі толығымен жалынға оранған.
Құтқарушылар өртті сөндіру барысында машинаның жанынан өртеніп кеткен жігіттің мүрдесін тапты. 2001 жылы туған азаматтың өлім себебі анықталуда. Жалын сағат 5.48-де толықтай жойылған, себеп-салдары анықталуда. Өртті сөндіруге жеке құрамның 5 қызметкері мен бір техника жұмылдырылған деп хабарлады ведомстводан.
Оқи отырыңыз:
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?