10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЕлорданың бас мешітінде бата беруден ақсақалдар арасында республикалық жарыс өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Аталған сында Павлодар облысынан келген ақсақал сайыста топ жарып, 500 мың теңге жүлдеге ие болды. Сайысқа еліміздің өзге аймақтарынан 20 ақсақал қатысқан болатын.
Қазылар алқасы бата мәтіннің ұлттық дәстүрге сәйкестігін ғана емес, сонымен қатар дауыс тембрін, киімі мен байқауға қатысушылардың қосымша сұрақтарға толық жауап беруін де назарға алған. Байқаудың барлық кезеңдерінде шешендігімен және сөз сөйлеу өнерімен ҚР-ның мәдениет қайраткері, Баянауыл облысының құрметті азаматы Балтабай Сыздықов үздік атанды.
Ол қазақтың "Бәсір" салтын айтып, "Жаңа ай" батасын берді.
Бұл салт отбасында ұл баланың дүниеге келуімен байланысты. Бұл күні нәрестеге құлын немесе түйе беріледі, - деді жеңімпаз ақсақал.
Байқауға қатысушылардың барлығы сыйлықтарға ие болып, жеңімпазға 500 мың теңге табысталды.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді