19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Павлодардағы тұрғын үйлердің біріндегі лифтіде әйел дәрет сындырған. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Чайковский көшесінде орналасқан пәтер иесінен арыз келіп түскен. Ол лифтіде қажетін өтеген әйелге шара қабылдауды сұраған.
Құқық бұзушының кім екенін анықтадық. Ол – 32 жастағы павлодарлық. Досының үйіне қонаққа келген. Ұсақ бұзақылық жасаған әйелдің үстінен әкімшілік хаттама толтырылды, - деді Павлодар қаласы ПД Оңтүстік полиция бөлімінің аға учаскелік инспекторы Ержан Тыналинов.
Құқық бұзған әйелдің ісі сотта қаралды. Соттың үкімімен қоғамдық тәртіпті бұзған әйелге 15 АЕК (55 380 теңге, 1 АЕК – 3 692 теңге) көлемінде айыппұл салынды.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары