20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЭкология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Павлодар облысындағы Коряковка көлінің жай-күйі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде Коряковка көлін құрғатып, түбіндегі тұзды қапқа салып әкетіп жатқаны туралы видео таралған еді.
Қазір Экология комитеті, Павлодар облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, экологтар және қоғам белсенділерінің қатысуымен комиссия құрылып жатыр. Олар Коряковка көліне тексеру жүргізеді. Бұл - Қазақстандағы екінші қызғылт түсті сирек көл. Комиссия жұмысының нәтижесі ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің сайтында және БАҚ-та жарияланады, - деп жазды министр өзінің Instagram желісінде.
Министр комиссия барлық ұйымдастыру жұмыстары жүргізілгеннен кейін 18 шілдеде сол аймаққа баратынын атап өтті.
Оқи отырыңыз:
Айта кетейік, желіде Павлодар маңында орналасқан кептірілген қызғылт Коряковка көлін біреу кептіріп, сол жерден тұз сатады деген ақпарат тарады. Содан кейін Экология министрлігі тұзды заңсыз өндіру фактісі расталғанын айтты.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?