29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыПавлодар қаласының прокурорлары өңірдегі бірқатар былықтың бетін ашқан. Халыққа медициналық көмек көрсетуге арналған «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-тың бюджет қаражаты мен активтерінің жұмсалуына жүргізілген тексеру барысында жалған қызмет көрсету фактілерін анықтады.
Невропатолог, кардиолог, хирург, психолог және басқа да бейінді мамандардың қабылдауы қайтыс болған адамдарға, акушер-гинеколог дәрігердің консультациясы ер адамдарға «көрсетілген».
Оған қоса, тиісті медициналық сертификаты жоқ мамандар халыққа қызмет көрсетіп, емдеген.
Қадағалау актілері бойынша заңбұзушылықтарды жою, рұқсат беру құжаттарын алу және кінәлі тұлғаларды заңнамада белгіленген жауапқа тарту жұмысы басталып кетті.
Қабылданған шаралар нәтижесінде 100 млн теңгеден астам сомаға келтірілген залал қайта өтелді. Сот қарауында медицина саласында заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру арқылы 62 млн теңге көлемінде мемлекеттік қаражатты жымқыру және 41 млн теңге көлемінде мемлекетке залал келтіру фактілері бойынша екі қылмыстық іс бар, – делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек