10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыПавлодар қаласында өзеннің үстінде жүрген бес бала құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Құтқарушылар мұздың үстінде жүрген балаларды орталық жағалауда патрульдеу кезінде анықтаған.
ҚР ЖТМ Павлодар облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ жедел құтқару жасағы басшысының орынбасары Серік Шерияздановтың айтуынша, олар Ертіс өзенінің ортасына қарай жетіп қалған.
Бұл - өте қауіпті. Күн жылына басталғаннан бері мұздың үстіндегі қар ери бастады. Қардың еріген суы мұзға сіңіп, мұздың құрылымы өзгереді де сынғыш болады. Қалыңдығы елу сантиметр болғанның өзінде адамның салмағын көтере алмауы мүмкін, - дейді Серік Шериязданов.
Балалар 2008, 2010, 2009 және екеуі 2011 жылғы. Жеткіншектермен мұздың қауіптілігі туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Құтқарушылар көктемнің келуімен мұздың үстіне шығу өте қауіпті екенін ескертеді.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді