6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерПавлодар облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға 19 сәуір күні «Қалқаман – Керней» автожолының 250-шақырымында, Баянауыл ауданына қарасты Бірлік ауылының маңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жеңіл көліктердің бірі қарсы бағытқа шығып кеткен, салдарынан Pontiac пен Lada Granta автокөліктері бетпе-бет соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші мен екі жолаушы, оның ішінде кәмелетке толмаған бала оқиға орнында қаза тапты. Тағы бір жасөспірім түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, — деп мәлімдеді полиция өкілдері.
Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Құқық қорғау органдары жол апатына не себеп болғанын анықтап жатыр.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі