20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПавлодарда жол апаты болып, салдарынан 2 адам көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
8 қараша күні сағат 21.00-де Астана – Павлодар автожолында Lada көлігінің жүргізушісі қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдамай, өз көлігін жөндеп жатқан КамАЗ көлігінің жүргізушісін қағып кеткен. Осыдан кейін Lada автокөлігі КамАЗ көлігінің артқы жағынан соққан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан КамАЗ жүргізушісі мен Lada көлігінің жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды. Жеңіл автокөліктің кәмелетке толмаған жолаушысы жарақат алып ауруханаға жатқызылды, – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
ЖКО фактісі бойынша тексеру жүргізілуде, сараптама тағайындалды. Автокөліктер айыппұл тұрағына қойылды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?