7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Павлодарда 20-ға жуық көшенің атауы өзгереді, облыс орталығында қоғамдық тыңдаулар өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Павлодардың 24 көшені қайта атау бойынша қоғамдық кеңес мүшелерінің, қала тұрғындарының қалалық мәслихат депутаттарының қатысуымен қоғамдық кеңес өткізілді. Бұл Павлодар мәслихатының азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері және жер қатынастары мен қала құрылысы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия негізінде ұйымдастырылды.
Осындай ұсыныс облыс пен қаланың қоғамдық бірлестіктерінің, облыстың ғылыми және шығармашылық зиялыларының өкілдерінен ұсыныстар келіп түсті. Көшелерді қайта атау бойынша материалдар республикалық ономастика комиссиясының қарастырылуына беріледі, содан кейін түпкілікті шешім облыстық мәслихаттың сессиясында қабылданады, - делінген Павлодар қалалық мәслихаты таратқан хабарламада.
Усолка, Роза Люксембург, Молодежная, 29 Ноября, Набережная, Теплов, Сібір, Чапаев, Молодогвардейцев, Заслонов, Комсомольская, Ермак, Ладожская, Байкальская, Орловская, Тульская, Алданская, Кирпичная, Кошевая, Волочаевская, Камская, Челябинская, Раскова, Осипенко көшелерін қайта атау жоспарланып отыр.
Мәселен, Осипенко көшесін Павлодар облысының тумасы қазақ суретшісі, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Александр Бибиннің құрметіне, Волочаевская көшесін Аққулы ауданының тумасы Рүстембек Омаровтың құрметіне атауды ұсынып жатыр. Сондай-ақ көшелердің атауын қазақстандық жазушылар, ардагерлер, батырлар, қайраткерлер құрметіне атамақ ойы бар.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?